:: ҮШ ҚАЗАҚ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Просмотров: 9,797 Рейтинг: 3.8

Бокстан Моңғолия астанасында ХХІV Азия чемпионаты аяқталып, Сәпиев, Сәрсекбаев, Сәрсембаев сынды саңлақтарымыз алтын медаль жеңіп алды. Ал бір боксшымыз (Сайдалин) күміспен күптеліп, екеуі (Әбутәліпов пен Гелисханов) қола жүлдеге ие болды.

Негізі, алтын саны бұдан да көп болуы керек еді. Бірақ... бірақ Азия әуесқой бокс федерациясының (FABA) тізгіні өзбек Гафур Рахимовтың қолында тұрғанда бізге ала шапанды ағайындарымыздың алдына түсу мүмкін емес сияқты. Естеріңізге сала кетейік, Гафур Рахимов FABA президенті ғана емес, сондай-ақ Азия Олимпиадалық Кеңесінің және Халықаралық әуесқой бокс федерациясының атқарушы вице-президенті болып табылады.

Жартылай финалдық жекпе-жектердің бірінде 54 келі салмақтағы Қанат Әбутәліпов өзбек боксшысы Орзубек Шайымовты 25:19 есебімен ұтқан еді. Бірақ Өзбекстан тарапы жекпе-жек нәтижесіне риза болмай, қазылар алқасына наразылық білдірді (протест). Сенбі күні кешкісін Улан-Батордағы бапкерлеріміз ҚР Әуесқой бокс федерациясымен хабарласқанда «финалға бес боксшымыздың шығып еді, бірақ Қанаттың жеңісіне күмән келтірушілер табылып, көңіліміз күпті болып тұр» деді. Финалға дейін бұл мәселе қаралып, жеңіс 24:18 есебімен өзбек боксшысына берілді. Әбутәліпов бірінші және екінші раундтарда ширақ қимылдап, қарсыласын соққының астына алғанымен, үшінші және төртінші раундтарда қарқынын бәсеңсітіп алыпты.

Сөйтіп, Қ.Әбутәліпов қола жүлдеге місе тұтты да, ал дау-дамаймен финалға шыққан өзбек боксшысы ақтық айқаста жергілікті моңғол жігітінен ұтылып қалды.
Ал енді жүлделі орындарға ие болған 6 боксшымыздың техникалық көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, жартылай финалда рингке бірінші болып 51 келі салмақтағы Мират Сәрсембаев шықты. Бір қызығы, ұйымдастырушылардың ресми ақпарат тарататын адамдарының салғырттығына байланысты бұған дейін кейбір БАҚ-тарда Мират «ширек финалда қырғыз боксшысы Тимур Жапаровтан ұтылып қалды» деп жарияланды.

Бірақ ол қырғыз боксшысын нокаутпен жеңген Сәрсембаев жартылай финалда үндіс Житендер Кумарға да дес бермей, 18:10 есебімен жеңіске жетті. Бұдан кейін шаршы алаңға 54 келі салмақтағы Қанат Әбутәліпов шығып, өзбек О.Шайымовпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек туралы жоғарыда айтып өттік, сондықтан келесі салмақтағы боксшымызға ойысайық. 57 келіде көк байрағымыздың намысын қорғаған Елдос Сайдалин Қытай боксшысы Ли Иангтан 9:5 есебімен басым түсті.

64 келідегі хас шеберіміз Серік Сәпиевтің тегеурінді соққыларына ирандық Саид Нороузи де төтеп бере алмады. Ұстараның жүзіндей лыпылдаған Серіктің пәрменді соққыларынан оны тек төрешінің ысқырығы ажыратып алды. Алғашқы раундтарда-ақ салы суға кеткен Иран боксшысы есептің әп-сәтте 22:2-ге жеткенін сезбей де қалған сыңайлы. Ал Сәпиев Улан-Батор рингіндегі екінші айқасын да мерзімінен бұрын аяқтап, финалға шықты. 69 келідегі Бақыт Сәрсекбаев үнділік Дильбаг Сингхқа 23:6 есебімен басымдық танытты. Өкінішке қарай, 91 келідегі Хамзат Гелисханов сириялық Хусейн Сумардан 10:13 есебімен ұтылып қалды.

Финалда қазақстандықтықтардың ішінен бірінші болып рингке шыққан Мират Сәрсембаев (51 келі) Қытай боксшысы Ианг Буді 22:17 есебімен жеңіп, командаластарының көңіл-күйін көтеріп тастады. Бірақ жас талант Елдос Сайдалиннің (57 келі) тәжірибесі аздық етіп, ол ақтық айқастың соңғы раундтында маңғол Енхзориг Зоригтбаторға төтеп бере алмады. Бұдан кейін шаршы алаңға Серік Сәпиев (64 келі) шығып, бүгінгі таңда өзінің әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі екендігін дәлелдеп шықты. Ол Шыңғыс хан елінің сенім артқан үміті Тувшинбат Бямбаны 24:12 есебімен тізе бүктірді.

Бақыт Сәрсекбаев та (69 келі) өзінің халықаралық додаларда мейлінше ысылып қалғандығын көрсетіп, моңғол Монгонтсуж Нандин-Ерденеден 16:9 есебімен басым түсті. Сөйтіп, біздің боксшылар 3 алтын, 1 күміс, 2 қоламен жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Азияда «жағасы» бар, Гафур-ака деген ағасы бар Өзбекстан құрамасы иемденді (3 алтын, 2 күміс, 2 қола). Ал екінші орын... чемпионат қожайындары Моңғолия құрамасына (!) бұйырды. Бокстан түйсігі бар спорт сүйер қауым төрешілер алқасының қаншалықты әділетті болғандығын осыдан-ақ байқар деген ойдамыз. Бір таңғаларлығы, кейінгі жылдары үнемі Азия боксының алдыңғы легінде жүретін Таиланд боксшыларының бірде-біреуі финалға шыға алмады. Оларға бұйырғаны бір-ақ қола.

Айкын газеттен алынған

 

Средняя: 3.8 (10 оценок)

Комментарии

В последнее время чуть ли не хоронить принялись казахский бокс. Пожалста, сейчас вновь на подъеме. Уровень конкуренции в Азии ныне очень высок. Появились отличные бойцы в Китае. Так что в Пекине стоит ожидать как минимум два золота.

Важная прикидка будет в Чикаго. на чемпионате мира среди любителей. Вот посмотрим и на Артаева и на остальных.

Все будет в пучках. Только боксеры и в силах принести золото, вомзомжно и не одно. Чикагский чемпионат будет интересным. жаль что у Москвы отобрали право проведения данного турнира

Б_зд_ң боксшы ж_г_ттер Чикагода жоқ дегенде бес алтын медальге қол жетк_зет_н_не сенем_н. "Ала шапандылардың" мұрындарын бұзу керек.