:: Срым Айдосов. ЖАНДОСОВ СЕКІЛДІ ЖАЛҒАНШЫЛАР НЕГЕ КӨБЕЙІП ТҰР?

Просмотров: 17,940 Рейтинг: 3.4

Ораздың жаласы
Өкінішке қарай, еліміздегі кез-келген саяси сайлауды қазір лас технологиясыз елестету қиын болып барады. Бірақ көп елдерде мұндай әдіс-тәсіл қандай да бір кемшілікті ашық көрсететін сипатта болса, Қазақстанның қазіргі саяси дәстүрінде ашықтан-ашық дезинформация жасау, жалған ақпарат тарату, қазақша айтқанда, беті бүлкетпей оппонентін ғайбаттау болып кетті.
Мәселен, биылғы сайлау басталмай-ақ кейбір партияларға, оның ішінде әсіресе «Ақ жол» демократиялық партиясына, оның басшылығына ғайбат сөздер айтқан арандатушылар көбейіп кетіпті. Солардың бірі – Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның (ОСДП) жетекшілерінің бірі – Ораз Жандосов болып тұр. Ол «Жас Алаш» газетінің  2007 жылғы 17-шілде күнгі №57 санында «Әлихан, жолыңды біл!» деген тақырыпта сұхбат беріпті. Бұл шағын сұхбатында О.Жандосов біркезде өзі мүшесі болған «Ақ жол» партиясына,  оның жетекшісі Әлихан Байменовке ешқандай негізі жоқ жала жауып, ауыр сөздер айтыпты.
Мысалы, «демократ» Жандосов «Ақ жол» партиясын шаңырағын ортасына түсірген Байменов» деп айдын күннің аманында жала жауып отыр. Бұған айтар уәж мынау: біріншіден, «Ақ жол» партиясының шаңырағы ортасына түскен жоқ, міне, 5 жылдан асты, «Ақ жол» демократиялық партиясы еліміздің саяси өмірінде әлі жасап келеді. Жасап қана келе жатқан жоқ, өзінің мүшесі көп, , халықтың пікірін биліктің құлағына жеткізе алатын, шын мәніндегі демократиялық, ірі саяси партия екенін, ел ішінде беделі зор екенін дәлелдеп келеді.
Екіншіден, Әлихан Байменов - алғашқы құрылған күнінен бастап «Ақ жол» партиясының құрылтайшысы, қазір де «Ақ жол» партиясында. «Ақ жолдың» шаңырағы ортасына түссін деп тілейтін, ауыр, қысылтаяң күндерде саяси партияны сатып кеткен – сол Ораз Жандосовтың өзі және басқалар. 2004 жылы болған осы бір келеңсіз жайтты саяси сауатты халықтың бәрі жақсы білетінің сезе тұра Ораз Жандосовтың «Жас алашқа» қымсынбай қалай сұхбат бергені түсніксіз. Шағын сұхбатында Жандосов кезінде «Ақ жолға» құрылтайшы болғанын мойындайды. Бірақ сол құрылтайшының 2004 жылы «Ақ жол» партиясының Жарғысын бұзып, құрылтай шешіміне бағынбай, сыңарезулетіп, атқұйрығын шорт кесіп кеткені әмбеге аян. Өзін саяси қайраткер дәрежесіне жеткізген, қалың елге демократ ретінде танытқан саяси партиясына опасыздық жасап, ауыр күндерде партия мүшелерін тастап кеткен Ораз Жандосов сол партиядан кетпеген, сол партияны аяғынан тұрғызып осы күнге жеткізген Әлихан Бәйменовке енді келіп «Ақ жолдың» шаңырағын ортасына түсірдің» деп тапал-тал түсте жала жабады. «Ақ жолдың» шаңырағы ортасына түскен жоқ, Жандосов мырза, айтар сөзін адам әуелі біліп айтуы керек. 
Үшіншіден, 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында өзі сол партияның мүшесі бола тұра, «Ақ жол» партиясының тізімімен түссек, әкімшілік ресурс депутаттыққа өткізбей қояды деген «саясаткерлер» енді келіп жұрт алдында көзді бақырайтып қойып сын айтады. Олардың бел ортасында қазақша білмесе де, қазақ газетіне сұхбат бергіш Жандосов та бар.
Шынтуайтынына келгенде, Ораз Жандосовтың «Ақ жол» партиясының құрудағы рөлі шамалы-ақ. Оны партия мүшелерінің кез-келгені айтып бере алады. 2002-2003 жылдары Әлихан Байменов «Ақ жол» партиясының мақсаты мен мүддесін қалың елге таныстыру үшін халықтың ортасына барып, қарапайым жұртшылықтың арасында қарапайым ғана жүріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізгенде, Ораз Жандосов Алматыда кабинетінен шықпай отыратын. Байменов Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды секілді облыстарға өзі барып, еңбекші елдің бел ортасында жүріп, бір ғана машинемен ел аралап «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасын таныстырып жүргенде, Ораз Жандосов  Алматының іргесіндегі, мына тұрған Ұзынағашқа да барған емес... Қалай барады, бір ауыз қазақша білмесе, екі ауыз сөздің басын құрай алмаса, партияның бағдарламасын жасауға араласпаса, партия мүшелерімен тіл табысуы шорқақ болса.
Жандосовтың қалың елге, оның ішінде қазақ ұлтына танымалдылығы шамалы. Әрине, арғы атасы революционер Ораз Жандосовтың есімін халық жақсы біледі. Ал мына Ораз - «жақсы атаның аруағы қырық жыл азық болады» деп абыройлы фамилияны малданып абыройын айрандай төгіп келе жатқан адам. Вице-премьер болып тұрған кезінде өзіне  қойылған сұраққа тура жауап бере алмаған, оның үстіне қазақ сөзін түсінбеген осы Жандосов туралы қазақтың жыраулық поэзиясын тірілткен айтулы әдебиетші, аты белгілі қазақ жазушысы ыза болып «осының ақыл-есінің түзу екеніне күмәнім бар» деп еді. Енді қарап отырсақ, үлкен жазушының сол сөзі рас сияқты... Рас емес дейін десек, бұл жарықтық вице-премьер кезінде Жапонияға іс-сапармен барып, «Сіз қазақсыз ба?» деп сұрақ қойған жапон журналистеріне аузы қисаймай «менің бойымда неше ұлттың қаны бар, сондықтан өзімді қазақ санай қоймаймын» деп еді. Онысын басқа ұмытса да, қазақ журналистері ұмытқан жоқ. Өзінің қазақ екеніне ұялатын, қазақша бір ауыз білмейтін, осы күнге дейін ана тілін үйренуге талпынбаған «оппозиционер», «демократ» Ораз Жандосовтың кеше шаңырағы құласа екен деп тілеп «Ақ жол» партиясын сатып кетсе, ертең қазақты сатып кетпейтініне кім кепіл?
Осы Жандосовтың ел ішінде де, саяси ортада да ғана емес, өзі маманы болып табылатын қаржыгерлердің арасында да ешқандай беделі жоқ. Мәселен, оның Ұлттық банктің төрағасы болып тұрған кезде Швейцарияға апарған қазақ алтынының салмағы кеміп кеткені жөнінде өсек бар... Бұл – бір. Екіншіден, Ұлттық банктің қазіргі қызметкерлері О.Жандосовтың банк төрағасы болған кезінде ешқандай реформа жасай алмағанын тілге тиек етеді, керісінше, Г.Марченконың банк үшін көп жұмыс атқарғанын, өте білікті, кәсіби маман екенін айтып отырады.

«Нағыз Ақ жол» не үшін керек болды?
Ораз Жандосовтың, Болат Әбіловтың және олардың серіктерінің бір кезде өздері мүшесі, тең төрағасы болған «Ақ жол» партиясына лай шашып, ғайбат айтқан жан түршігерлік істері, аруақты саяси ойынға айналдырған сұмдықтары жағаңды ұстатады. Бір кезде «Ақ жол» партиясына марқұм Алтыбек Сәрсенбайұлы мен Төлеген Жүкееевтің мүше болып кіріп, тең төраға етіп сайлау мәселесіне осы Ораз Жандосов пен Болат Әбіловтың  үзілді-кесілді қарсы болғаны көп жұрттың есінде. Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы «Ақ жолға» тең төраға болып сайланғанда да «бесінші элемент» деп мысқылдап күліп жүрген Ораз бен Болат енді аруақтың атын пайдаланып «Ақ жол» партиясына, оның төрағасы Әлихан Бәйменовке  сыртынан айтпаған сөздері қалмады. «Ішің күйсе тұз жала» - іштері тар, аты озған замандастарын көре алмайтын Жандосов пен Әбілов  бір кезде өздері тең төрағасы болған «Ақ жол» партиясы мүшелерінің қолдауына ие бола алмағандары, Әлихан Бәйменовтің партия көсеміне айналғаны естеріне түсіп, осы сайлау науқанында жала жауып, лас технологияларға жүгінгілері келсе керек.
Жандосов сияқты жанталасып күйе жағуға ұмтылған бұрынғы «ақжолдықтарға» кеңінен тоқталған жөн секілді.
Біріншіден, егер белгілі бір саяси ұйымның ішінде тактикалық немесе стратегиялық мәселелерде жеткешілердің көзқарастары бір жерден шықпаса, онда оны партияның тиісті органдарында кеңінен талқыға салып, партия Жарғысына сәйкес шешу керек. 2004 жылы «Ақ жол» партиясында тең төрағалардың көзқарастары бір арнаға тоғыспай жатқанда, проблемаларды партия құрылтайында немесе оның орталық кеңесінде кеңінен талқылағанның орнына, бүлік шығарып, партия шешіміне бағынбай, бірнеше басылымдарды бақылайтын оллигархтармен байланыстарын пайдаланып, бұрынғы әріптесі Байменовке күйе жағып, топырақ шашып жаман әйелден бетер көкбеттенген Жандосов пен Әбілов қалай өздерін демократпын деп айта алады?
Екіншіден, бұл екеуі және оның серіктері құрылтайдағы пікірталастан қашып, лас әдістерге жүгінгенімен қоймай, сол құрылтайдың және орталық кеңестің заңсыз екенін айтып осы күнге дейін баспасөз беттерінде орынсыз сөйлеп келеді. Сол Байменовтың және басқалардың арқасында, ең әуелі партия мүшелерінің арқасында бұлардың бір кезде партия президиумның мүшесі, партияның тең төрағасы болып сайланғандары естерінен шығып кететін болса керек. Кейбіреулері «Ақ жол» партиясына Байменовтен кейін келіп, партия құрылтайында тек сол Байменовтің тікелей қолдауының арқасында ғана әлгі қызметтерге сайланғанынын да естеріне түсіргісі келмейді. «Су ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ. «Ақ жолдың» шаңырағын ортасына түсіргісі келіп жүрген «демократтардың» қай партияның арқасында елге оппозиционер болып танылғанын ұмытып кететіні түсініксіз.
Талағы тарс айырылып партиядан кетіп қалғандарға қарап отырсақ, оларды не біріктіріп тұрғанын ұғуға болады. Күнделікті тіршілікте жай, қарапайым халықтан өте алыс тұрған жандар - бұлар жағдайлары өте жақсы, еңбексіз де күн көре алатын адамдар, өз әдеттерінше қымбат ресторандар мен клубтарға барып, жоғарғы элитамыз деп ойлайтын топтармен араласқысы келеді. Оллигархтарға жақын жүріп, солардың баспасөзінде ала-құла пікір айтып, демократ болып көрінгісі келетін тоқмейіл адамдар.
Бұлардың арасында 2004 жылғы Мәжіліс сайлауынада «Ақ жол» саяси партиясының президум мүшесі бола тұра партияның атынан сайлауға түскісі келмеген, түсе қалған күнде әкімшілік ресурс депутат етіп жібермейді деп есептеген шала демократтар да жүр. Бұлардың халықтан алыс тұрғаны сол кезде-ақ байқалатын. Сайлау алдындағы науқанда жер-жерге шығып насихат жүргізгеннің орнына, Алматыда қалып тыныш кабинетте жантайып отырғанын екінің бірі біледі. Тіпті қазір Әлихан Байменовке жала жауып жүрген осылардың ішінде саяси партияны көйлек секілді жиі ауыстыратын «қайреткерлер» де бар. Мысалы, Болат Әбілов үшін ОСДП алты жыл ішіндегі төртінші саяси партия болып тұр. Осыдан кейін Әбіловты қай партияның мүшесі деп тануымыз керек?
Бұлар қазір «Ақ жол» партиясының ішінде де іріткі туғызғысы келіп жүр. Себебі - баяғы көре алмаушылық. Осыған орай, саяси өмірден бір мысал келтіруге болады. 2004 жылғы Парламен сайлауынан кейін Әкежан Қажыгелдин барлық демократиялық күштер «Ақ жол» партиясының құрамына кірсін деген өте тиімді идеяны көтеріп еді. Осы идея жүзеге аспау үшін тез арада Үйлестіруші кеңес деген ойлап табылды, оған демократиялық күштерді «Ақ жолға» кіргізбей, өз алдына, жеке біріктіру міндеті жүктелді. Сол кезде «Ақ жолдың» осы аты аталған, сол кездегі  тең төрағалары партия мүшелерінің, партияның жетекші органдарының сыртынан сепаратистік келіссөздер жүргізіп еді.
Егер сол кезде демократиялық күштер «Ақ жолдың» құрамына кірсе, онда іштей бәсеке пайда болады, сөйтіп, келесі жылғы Президент сайлауында бір ғана, ортақ кандидат ұсынылатын болса, оған халық ішінде абырой-беделі зор Байменовтың өтіп кетуі мүмкін деген қауіптері болғанын жасыруға болмайды. Міне осы себепті де «Нағыз Ақ жол» партиясы құрылды. Қазір ОСДП-да жұмыс істейтін саясаттанушылардың біреуі жақында ғана белгілі журналист Айгүл Омароваға берген сұхбатында «НАҒЫЗ АҚ ЖОЛ» деген сөз тіркесінің біріктіру қызметін күшейту мақсатында емес, «АҚ ЖОЛДАН» түсетін кандидаттың (яғни Байменовтің) президент сайлауында өтіп кетпеуі үшін ғана ойлап табылғанын мойындады.
Қалай болса да, партия туралы, оның жетекшісі Әлихан Байменов туралы кім не десе де, «Ақ жол» саяси партиясының осы Мәжіліс сайлауында кемінде 30-35 пайыз дауыс алатынына күмән жоқ.

Средняя: 3.4 (10 оценок)

Азғаң қазақтарға бұл бөл_нгендерд_н яман әсерелр_ одан ара түсеберед_. Халықтың муддес_н умыткан саясатшылар б_рденкеге әл_ онбай урынар....

Комментарии

Мм-я сағаң, Жән_бект_ң сайты қазақша сайрап кетт_ ғой!!!! Олай болса да, неге туысты киратып жатырсын, әй татар?!

Ваш комментарий

Бейшаралар гой Жандосов та Абилов та. олар ешкашан да Алихандай бола алмайды. Сондыктан коркады. Недеген накурыстык. Сорлылар...

Да Иуда ваш Алик. Чо тут мамбичи заверещали пестню благовоний - ((((???

Болат ешк_мнен де корықпайды! Ал сен Жәке кашаннан бер_ кожалардын соилын тоқпактапжатырсың?

Ваш комментарий

Сырым Айдосов пен Ораз Жандосов б_р етиктин еки сынары.Немесе Жас алаштагы апам Диалогагы жездеме сай НЕМЕСЕ муны - Катын урыс деп атайды

Бас редакторлар - Жусупбек Коргасбек пен Джонибек Суллев екеуи де журналист емес жандайшаптар Муны СМИдеги катын айтыс деп айту керек

Жас Алаш Жусупбектiкi, ал Диалог Жакендiкi емес ау осы... Ак Орданын баскармасы сол алкашты билеп жатыр гой!

_ай кезе_де де саясатта тазалы_ бол_ан емес,болмайды да...ол мєселен_ сол кезе_н__ басшысыны_ ар-намысына _алдырайы_.Мен чз_м Б.Абиловтан да,О.Жандосовтан да,А.Байменовтан да жаманды_ к%тпейм_н.¤м_р бол_аннан со_ єрк_мн__ чз_н__ чм_рге чз_нд_к кчз _арасы болады.Б+л жерде Б.Абилов,О.Жандосов,А.Байменовтерд__ чз-ара т_л табыса алмауы,оларды_ идеясын _олдап отыр_ан халы__а кер_ єсер_н тиг_зет_н_ белг_л_.Кез_нде Д._онаев атамызды_ "Ала _ойды бчлек _ыр__ан ,ж%нге жарымайды"-дегендей,_аза_ты_ бас кчтерген арда_ты азаматтары:б_р__ _ара,б_р__ а_ демей ауыздарыны_ б_р болуын _алар ед_к._аза_ты_ кчк байра_ы тек _ана _аза_ хал_ыны_ ынтыма_ыны_,адалды_ыны_,е_бек_орлы_ыны_ ар_асында жо_ары желб_рейд_..._аза_стан тек _ана б_зге,_аза_ хал_ына керек,б_зд__ +рпа_ымыз_а керек.Сонды_тан ел_м_зд_,алланы_ берген егеменд_г_м_зд_,бас кчтерген азаматтарымызды аялайы_ а_айын.Б_реуд__ заказын орындаймын-деп,бас кчтерген азаматтарымыз_а топыра_ шашпайы_.Кер_с_нше оларды_ ойыны_,ма_сатыны_,т_лег_н__ б_р болуына ша_ырайы_...Сырым! Аты_ _андай тамаша! Ата-ана_ жа_сы ниетпен батырды_ атын _ой_ан екен,аты_ы ылайы_ бол!Батырлар_а чсект__ ауылын арала_ан жараспайды. Мен са_ан сенем,алашты_ арда_ты азаматысын...шайтанны_ т_л_не ермей,_аза_ хал_ына кчп е_бег__ с__ед_-деп.