:: БӨРІХАН НҰРМҰХАМЕДОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «ЖАНДОСОВ, ЖӨНІҢДІ БІЛ!»

Просмотров: 19,409 Рейтинг: 3.9

Өздеріне сенімсіздер өзгелерге күйе жағуға құмар

— «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовке деген бүгінгі социал-демократ Ораз Жандосовтың «Жас Алаштағы» әңгімесіне не айтар едіңіз? Мұның ішінде көп жаланың құлағы қылтиып тұрғанын көпшілік сезіп отыр. Сіз осы партияның о бастан басы-қасында болып келесіз. Ақиқатты бір кісідей білесіз.

— Менің ойымша, Ораз Жандосовтың айтып отырған сөздерін «қолымызда құжаттар бар» немесе «анау-мынау» деген әңгімелерін қолданылып жатқан бір технологиялық әдістер деп айтуға болады. Соның арқасында біздің партиямызға сенімсіздік тудыру. Мақсаты да сол. Екіншіден, біз емес, олар партияның атын «Нағыз Ақ жол» деп жалған жамылып, ақырында тастап кетіп, басқа партияға кіріп отырған. Бұлардың мақсаттары сол, Парламент сайлауынан кейін «Ақ жол» партиясын жоққа шығару пиғылы пайда болды. «Ақ жол» партиясының ғана емес, елдің де мүддесін жоққа шығару деуге болады мұны. «Ақ жолдың» тек өзі ғана жұмыс істеп жатқандығын да жоққа шығарып, «Нағыз ақ жолды» құрып, «Ақ жолды» көрсеткісі келмеп еді. Бұлардың жасап жатқан іс-әрекеттері «Ақ жолға» қарсылықтан басқа ештеңе емес.

Ал енді құжаттарға келетін болсақ, Ораз Жандосовтан сұрайтын едім, өзі жауап берсінші, өткен сайлауда, жеке өзі сайлау округіне қанша қаражат шығарған екен? Қаншасын жаратқан екен? Оның бәрі көрініп тұр ғой. «Ақ жолдың» қанша қаражат жұмсағандығы құжатта көрсетілген. Біздің жұмсаған қаражатпен оның жұмсаған қаражатының арасы жер мен көктей. Ал алған дауысы 19-ақ мың. Мысалы, одан екі еседей артық дауыс жинап, «Ақ жолда» ең көп дауыс алған сізден ол жүз есеге жуық артық ақша алды. Міне, әңгіме қайда жатыр?

Сонан соң менің тағы бір айтарым, Ораз Жандосов сайлау кезінде партияның орталық штабын басқарған. Биліктің бұрмалауына партияның дайындығы болмағандығы, билікке қарсы ешқандай әдістік технология жасамағандығы Орталық штаб бастығы Жандосовтың басты кінәсі. Біз әрқайсысымыз жеке өзіміз күрестік. Бізге жұмыс істеген үгітшілерді аумақтық сайлау комиссияларына апарып жұмыс істеткізгенде, дауысты көп бұрмалауға ұшырамас еді. Керек десеңіз бұрмалаудың өзінде де бізге екі-үш апта алдын ала дайындалып, мысалы үшін мына Украйнадағыдай жағдайда да дайындық жасау керек еді. Ал ол өзінің жеке мандаттық округімен айналысып кетті де, бүкіл партияны отырғызды. Сайлаудан соң екі апта өтіп кеткеннен кейін барып, митинг өткіземіз деген мәселе көтеріп еді. Бұл өз уақытында болмаған соң өте қателік еді. Адам бірдеңені айту үшін өзінің жағдайын түсініп алуы керек емес пе. Алдымен, Жандосов өз жөнін білсін! «Құлап жатып, сүрінгенге күледі» деген осы ғой?

— Ораз Жандосов «Ақ жол» мен «Әділет» «саяси некелесті» деп кекеткенсиді. Өздері де Жармаханға некелесіп «қосылып» отырған жоқ па?

— «Ақ жолды» алғашқы кезде, яғни бұрынғы кезде орта буынның деңгейіндегі саяси күштердің партиясы деп есептедік. Былай қарасаңыз, Алтынбек, Ораз, Әлихан, Болат бәрі де бір деңгейдегі жастары шамалас адамдар. Олар сол айналып келгенде көре алмаушылықтан болып отыр. Болмаса басқа ештеңе де жоқ. Ал қазір оның бізге айтып отырған әңгімелері тек өсек әңгіме. Жалпы партияға сенімсіздік тудыру. Бұл қадамынан олардың өздерінің күштеріне сенбестігін байқауға болады. Уақтысында партияның ішінде жүріп Әлиханның қадіріне жетпеген. Енді бұл лас тірлікке партияның жетекшілері Жармахан, Әміржандар қосылып, барлығының атынан жасалынып отыр ма, әлде жеке Ораздардың мәселесі ме, білмеймін... Мен Жармахандар, Әміржандар осы мәселені көтеріп жатыр деп ойламаймын.

— Сонда бұған Жармахан, Әміржандардың қатысы жоқ, партиядан бөлінген «бұрынғылардың» істеп отырған тірліктері деп ойлайсыз ғой.

— Ия, солай шығар деп отырмын. Біздің бұрынғы әріптестеріміз осыны шығарып отырған. Бұлар бізді қаралап ұпай жинамақшы. Біз оларға тиісіп отырған жоқпыз. Ал енді мыналар қосылып істеп отырған болса, онда шамалары белгілі болғаны. Өздеріне сенбей жатқандығы.

— Есергеповтың «есебі» жөнінде не айтасыз?

— Ол енді түсінікті. Ол жөнінде біз мәлімдемеде жасадық. Сотқа беруді қарастырып жатырмыз. Қолымызда ол туралы құжат бар. «Ешқандай претензиям жоқ» деген қолхаты бар.

Есергеповтың артында кім бар деп ойлайсыз?

— Әлгілер.

— Газетті «сатып аламын» немесе «сатып аламаймын» дегенде тұрған ешнәрсе жоқ шығар. Шамасы келсе алады, шамасы келмесе алмайды дегендей.

— Бұл енді біздің имиджімізге қарсы қара күйе жағу ғой. Сайлау қоры бойынша партия үгіт-насихат жұмысына 146 миллион теңге жұмсау керек. Ал Есергепов партияға жала жабуда. Сондықтан біз 146 миллион теңге моральдық шығын өндіруге арыз береміз.

Қазыбек Иса

«Жас қазақ үні» газеті, №29, 20 шілде 2007ж.

Средняя: 3.9 (8 оценок)

Комментарии

Бляха-хамуха, как бабы на базаре, ей Богу! Ну разошлись дороги, так сохраняйте лицо! Кстати, на прошлых выборах Алик и его ребята не огрызались так сильно. А в этот раз дают прикурить нагизикам.

Койшай, эй, койшы осы... Докейге бэрiн айттып берем!!!! Обижать етiп жатырсын дар!

Буря мнглою небо кроет, То как зверь оно завоет, То заплачет как дитя